Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » 5 адамды атып тастады

5 адамды атып тастады

Қытай тұрғыны жазықсыз бес адамды атып тастады. Бұл оқиға Ішкі Моңғолия автономды ауданында болған, деп хабарлайды ABC порталы.

25 наурыз күні Кайлу уезінде 44 жастағы қарулы ер адам атыс шығарыпты. Әуелі өзі жұмыс істейтін су тазарту станциясында екі жұмысшыны атып өлтіреді. Тағы үш адамды сол маңдағы көшелердің бірінде қырып салған.

Жергілікті полиция күдіктіні бір сағат ішінде ұстады. Тәртіп сақшылары қарулы ер адамға оқ атып, жарақаттауға мәжбүр болыпты. Шабуыл ұйымдастырған қылмыскердің не үшін мұндай қадамға барғаны әлі белгісіз.

Басылым атап өткендей, мұндай қылмыс Қытайда өте сирек кездеседі, себебі азаматтарға заң бойынша оқ ататын қару ұстауға тыйым салынған. Бастапқы деректерге сүйенсек, күдікті қаруды заңсыз сатып алған көрінеді.

Тунляо қалалық округінің прокуратурасы бұл істі ерекше бақылауына алды. Қазір күдікті қамауда, тергеу жүргізіліп жатыр.
Желіде шабуылдан соң түсірілген видео жарияланған.

Еске сала кетсек, Қытайда биыл қаңтар айында ер адам бастауыш мектепке шабуыл жасап, 20 бала зардап шеккен болатын.
www.qazbrand.info
26 наурыз 2019 ж. 978 0