Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » «Канелоның» балдақпен жүрген суреті тарап кетті. Промоутері мән-жайды түсіндірді

«Канелоның» балдақпен жүрген суреті тарап кетті. Промоутері мән-жайды түсіндірді

Мексикалық боксшы Сауль «Канело» Альварес Гвадалахара штатында өткен шаралардың біріне балдақпен келді,

Боксшының жанкүйерлері алаңдаушылық танытып, оған не болғанын топшылауда. Тіпті, Головкиннің бұрынғы қарсыласы жол апатына ұшыраған болуы мүмкін немесе тізесіне ота жасалды деген қауесеттер де пайда болды. 
Бұған дейін танымал промоутер Боб Арум боксшының бұрынғы жақаратымен байланысты қиындықтары туралы айтқан еді. 2018 жылдың сәуір айында «Канело» тізесіне ота жасатқан. 
Алайда боксшының промоутері Эрик Гомес «Канелоның» денсаулығына қатысты мәлімдеме жасап, қаусеттердің нүктесін қойды. Ол журналист Майк Коппинджерге боксшының сол аяғының тізесіне байланысты жайсыздықтарды сезініп жүргенін айтты. Алайда отаның қажеті жоқ, дейді.
Екі салмақ дәрежесіндегі әлем чемпионы жарақатына қарамастан, 14 қыркүйекте өтетін жекпе-жегін өткізуді жоспарлап отыр. Жекпе-жек Лас-Вегасте өтуі мүмкін.
https://stan.kz
03 шілде 2019 ж. 869 0