Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » 71 жыл некеде болған ерлі-зайыптылар бір күнде көз жұмды

71 жыл некеде болған ерлі-зайыптылар бір күнде көз жұмды

71 жыл некеде болған ерлі-зайыптылар Герберт Делейгл мен Мэрилин Фрэнсис бір күнде өмірден өтті деп хабарлайды Life.ru-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Олардың танысу тарихы 1947 жылдан басталды. Сол уақытта Мэрилин Фрэнсис кафеде даяшы болып қызмет атқарған.
Герберт Делейгл батылдық танытып, болашақ жарын кездесуге шақырды.

Бір жыл өткен соң Герберт пен Фрэнсис шаңырақ көтерген. Олар неке қию рәсіміне бір сағатқа кешігіп барды.
Ерлі-зайыптылар ауруханада бір күнде 12 сағат айырмашылықпен көз жұмды.
Олардың алты баласы, 16 немересі, 25 шөбересі бар.

Дәрігердің сөзінше, Мэрилин Фрэнсистің өлімінің себебі сүйіктісінің өмірден өтуі.
kaz.nur.kz
19 шілде 2019 ж. 956 0