Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » 96 жастағы қария жүгіруден әлемдік рекорд орнатты

96 жастағы қария жүгіруден әлемдік рекорд орнатты

АҚШ-тың Вирджиния штатының тумасы 5 мың метр қашықтықты 42 минут 30 секундта жүгіріп өтіп, 95-99 жас дәрежесінде әлемдік рекорд орнатты.

11 шілдеде Эймс қаласында 96 жастағы Рой Энглерт жүгіруден рекорд орнатып, бұрынғы рекордшы Фрэнк Левиннен 8 минутқа ерте келді. Левин дәл осы қашықтықты 50 минут 11 секундта еңсерген. 
Бұған дейін қария өз жасының дәрежесінде 800 метр, 1,5 мың және 3 мың метр қашықтықта жүгіруден рекорд орнатқан. 
Энглерт чемпионаттарда жеңу көп еңбекті қажет ететінін мойындады. Ол күн сайын жаттығу кезінде 3-тен 5 шақырымға дейінгі қашықтықта жүгіреді. Қария жарысқа бірнеше күн қалғанда денеге түсетін күшті арттырып, жүгіру қарқынына мән береді екен. 
Десе де зейнеткер өзінің баяу жүгіретінін айтады.
«Менің көп адамнан ұзағырақ өмір сүрдім деп ойлаймын. Айналамда бәсекелес қалмағандықтан, жеңіске жету оңайға түседі», - дейді қария.
https://stan.kz
20 шілде 2019 ж. 1 070 0