Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Меркель төртінші рет Германияның канцлері болды

Меркель төртінші рет Германияның канцлері болды

Бундестаг Ангелу Меркельді төртінші рет Германияның канцлері сайлады.
Депутаттардың басым бөлігі оны қолдап дауыс берген.Құпия дауыс беру қорытындысын депутаттар жақсы қабылдап, қол шапалақтау арқылы риза екендіктерін білдірген. Бұл шараға Меркельдің жолдасы Йоахим Зауэр мен 89 жастағы анасы Герлинд Каснер қатысқан.

Меркельдің кандидатурасын ел президенті Франк-Вальтер Штайнмайер ұсынған.

Канцлер — Германия үкіметінің басшысы. Ол федералдық министрлерді тағайындап, елдің саяси курсын анықтайды. Канцлерді төрт жылда бір рет бундестаг сайлайды.
reactor.inform.kz
14 наурыз 2018 ж. 980 0