Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Дәрігерлер 80 жасқа дейін өмір сүру мүмкіндігін қалай анықтауға болатынын айтты

Дәрігерлер 80 жасқа дейін өмір сүру мүмкіндігін қалай анықтауға болатынын айтты

Жапон геронтологтары зерттеу жүргізіп, 80 жасқа дейін өмір сүруге 70 жасында белсенді жүре алатындардың 100 пайыздық мүмкіндігі бар деген қорытындыға келген. Мамандар Мәскеуде өткен ресей-жапон ашық конференциясында өз жұмыстарының нәтижелері туралы әңгімелеген, - деп хабарлайды РИА Новости "Российская газета" басылымына сілтеме жасап.
Жапон ғалымдары 1997 жылдан бастап 60-тан 80 жасқа дейінгі адамдардың жүру жылдамдығын зерттеген. Алынған нәтижелерді талдау кезінде олар адам 70 жасында секундына 1,5 метр жүру қарқынын сақтаса, ұзақ өмір сүруге үміттене алады деген қорытынды жасаған.
  Ал осы жаста адам күнделікті жүрісте секундына бір жарты метрден артық қозғала алмаса, онда оның тағы 10 жыл өмір сүру ықтималдығы тек 15-35 пайыз болады. Бұл ретте ерлерде бұл көрсеткіш әйелдерге қарағанда аз болып шыққан.
"Жүру қарқыны адамның өмір сүру ұзақтығын нақты болжауға мүмкіндік беретін жақсы индикатор бола алады. Адам өзі үшін әдеттегі режимде жылдам қозғалса, ол ұзағырақ өмір сүреді", - деп түсіндірді жапониялық гериатрия және геронтология ұлттық орталығының президенті, доктор Хидэнори Арай.
Бұған дейін Канададағы Макмастер университетінің ғалымдары жаяу жүруді ұзағырақ өмір сүрудің тиімді тәсілі деп атаған болатын.
https://kaz.tengrinews.kz/densaulyq/dargerler-80-jaska-deyn-omr-suru-mumkndgn-kalay-anyiktauga-301255/

22 қыркүйек 2019 ж. 850 0