Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Австриялықтар қазақстандық отбасы үшін митингке шықты

Австриялықтар қазақстандық отбасы үшін митингке шықты

  Австрияның Нидервальдкирхен қаласында жер аударылуы мүмкін қазақстандық отбасына қолдау көрсету мақсатында «Адамзаттық мереке» акциясы өтті деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі meinbezirk.at сайтының дерегін негізге алып.
  БАҚ-тың хабарлауынша, бұл отбасы жылдан бері  осы қалада тұрады. Қазақстандық отбасы жергілікті қауымдастықпен жақсы араласып, тіл үйреніп, шіркеулерге қатысып, қоғамдық жұмыстарға қатысады екен. Сондай-ақ мақалада қазақстандықтар 2013 жылы қауіп-қатерге душар болғаннан кейін отандарынан кетуге мәжбүр болғандығы айтылған. Бұл қауіп осы күнге дейін сақталып отырғаны атап өтілді. 
  Қала тұрғындары осы отбасының тағдырына алаңдап, олардың қолдауымен митингке шықты. Алайда мақалада қазақстандықтардың деректері де, жер аудару туралы шешімнің себебі де айтылған жоқ.
https://qamshy.kz/article/51860-avstriyalyqtar-qazaqstandyq-otbasy-ushin-mitingke-shyqty-foto

24 қыркүйек 2019 ж. 841 0