Жиналысқа 3 минут кешіккен министр басын иіп кешірім сұрады

Өткен жылы Сакурада өзінің компьютерді қолдана алмайтынын айтқан болатын.
Жапондық министр бюджетке байланысты жиналысқа 3 минут кешіккен. Жиынға қатысып отырған оппозициялық депутаттар министрді "өзінің қызметіне жауапсыз қарады" деп айыптап, жиналыс барысында оған 5 сағат бойкот жариялаған.
Айта кетейік, 2020 жылы қазан айында өтетін Олимпиада ойындарына жауапты тұлға ретінде сайланған Сакурада 2018 жылдан бері көп сынға ілігетін болған.
Жергілікті БАҚ-қа берген сұхбаттарының бірінде компьютермен атқарылатын жұмыстың бәрін өзінің қарамағындағы жұмыскерлерге тапсыратынын айтқан. Кейіннен депутаттар оның отставкаға кетуін талап етіпті, алайда Сакурада орнына әлі кетпеді.