2020 жылы Apple ашылып-жабылатын iPhone шығармақ

Америкалық Merrill Lynch инвестициялық банкінің сарапшысы Вамси Мохан осындай шешімге келген. Ол жақында Азия елдеріндегі Apple-дің өнімдерін шығаратын компаниялармен кездескен.
Сарапшы ашылып-жабылатын iPhone 2020 жылы шығарылады деп болжап отыр. Жаңа смартфон планшеттердің орнын басуы мүмкін.
Айта кетейік, өткен жылы шығырылған iPhone X-те иілгіш OLED-дисплей қолданылады. Дисплей смартфон корпусының ішінде иіледі.