Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Руслан Дәленов: Қызылорда облысы инвестиция тарту бойынша төменгі орында

Руслан Дәленов: Қызылорда облысы инвестиция тарту бойынша төменгі орында

2020 жылдың 9 айында негізгі капиталға 8,3 трлн теңге сомасында инвестиция тартылды. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов айтты, деп хабарлайды inform.kz .
«Негізгі капиталға 8,3 трлн теңге сомасында инвестиция тартылды. 13 өңір өсім көрсетті. Оның ішінде ең жоғары көрсеткіштер – Түркістан облысында және Шымкент қаласында байқалып отыр. 4 өңірде төмендеу тіркелді. Олар – Қызылорда, Атырау, Батыс Қазақстан және Қарағанды облыстары», – деді министр.
Оның дерегінше, құрылыс секторы тұрақты қарқынмен дамып келеді. Орындалған жұмыстардың көлемі 10,5 пайызға өсті. Жоғары өсу Түркістан облысында және Шымкент қаласында байқалады. 9,6 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 9 пайыза көп.
«Өңірлерде 7 экономикалық көрсеткіш бойынша жалпы жағдай мынадай. 5 көрсеткіш бойынша 7 өңірде өсім байқалады. Олар – Ақмола, Алматы, Жамбыл, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары және Шымкент қаласы. Сондай-ақ 7 өңірде 4 көрсеткіш бойынша өсім тіркелді. Бұл орташа деңгей. 3 өңірде 3 көрсеткіш бойынша ғана өсу байқалады. Олар – Атырау, Батыс Қазақстан және Қызылорда облыстары»,- деді Руслан Дәленов.
13 қазан 2020 ж. 581 0