Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Министр: Қызылорда облысында құрылыс қарқыны төмендеген

Министр: Қызылорда облысында құрылыс қарқыны төмендеген

Kyzylorda-news.kz. Жыл басынан бері Қазақстанда 2,6 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов айтты.
«Жалпы, негізгі капиталға салынған инвестициялардың өсуі 5,1 пайызды құрады. Оның ішінде жеке инвестициялар 5,4 пайызға артты. Инвестициялардың ұлғаюы өңірлердің көбінде байқалады. 4 өңір бойынша төмендеу тіркелді. Олар: Атырау, Алматы, Қызылорда облыстары және Шымкент қаласы. Құрылыс секторында 11,7 пайыз деңгейінде серпінді өсу байқалады. Соның ішінде 16 өңір өсім көрсетті. Қарағанды облысы 50,8 пайыздық өсім көрсетті. Құрылыс бойынша Қызылорда облысы ғана төмендеді», – деді ол.
Министрдің дерегінше, жыл басынан бері 2,6 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. 2020 жылға жоспар 15 млн шаршы метрді құрайды. Бұл ретте, тұрғын үй құрылысының 12 өңірде өсім байқалды. Алматы және Жамбыл облыстарында ең жоғары өсім болды. 5 өңірде төмендеу тіркелді.
«Ауыл шаруашылығында өнім 2,5 пайызға артты. Ауыл шаруашылығы бойынша 15 өңірде серпін байқалып отыр», – деді Руслан Дәленов.
14 сәуір 2020 ж. 780 0