Биыл елімізде 13 млн шаршы метр тұрғын үй салынады

Сонымен қатар, елімізде тұрғын үй құрылыс жинақ банкі арқылы табысы аз көп балалы, толық емес отбасылар және мүмкіндігі шектеулі балалары бар отбасыларды жылдық 2%-бен несиелеу қосымша енгізілуде. Бұл жыл сайын 6 мың отбасына тұрғын үй жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді
"Тұрғын үй заңнамасында жеңілдетілген ипотеканың қолжетімділігін арттыру үшін тұрғын үй сертификаттарын беру механизмі қарастырылған. Осы жылдың сәуір айында тұрғын үй қатынастары және жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы заңнамаға қажетті түзетулер енгізілді", - дейді мамандар.
Сондай-ақ, жыл аясында ағымдағы жылы Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында жұмыс істейтін жастарға арналған кемінде 1 мың жалдамалы пәтердің құрылысы басталғанын хабарлады. 2021 жылға дейін 3 мың жалға берілетін пәтер салуды жоспарланған.