Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » 2021 жылдан бастап экономиканың бірқатар саласы реформаланады

2021 жылдан бастап экономиканың бірқатар саласы реформаланады

2021 жылдан бастап экономиканың бірқатар саласын реформалау басталады.
Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы Қайрат Келімбетов бастап жатқан реформалары туралы айтқан. Сонымен экономикада мұнай мен оның бағасынан тәуелсіз сектор құрылады. Жаңа жұмыс орындары пайда болады. Туризм, агрошаруашылық сынды секторға ерекше көңіл бөлінеді. Тағы бір маңызды бағыттардың бірі – елдің бизнес-қауымдастығына қажетті жағдай жасау. Біз «Атамекенмен» бірлесе отырып, шағын және орта бизнесті ынталандыру үшін кәсіпкерлік ахуалын жақсарту мақсатында жұмыс істеп жатырмыз депті Қайрат Келімбетов. Және мынаны қосып айтқан. «Жыл қорытындысы бойынша биыл елде оң өсім жоқ. Бірақ 2021 жылы біз қалыпты өсу қарқынына қайта оралуды жоспарлап отырмыз».
Биыл тау-кен саласы құлдыраған жоқ
Ал тау-кен металлургия саласында өсім бар. Елдің экономикалық құрылымында аталған бағыттың алар орны ерекше. Бүгінде еліміздің жалпы ішкі өніміндегі металлургия саласының үлесі 5,9 процентке жетіп отыр. Сонымен қатар бұл сала инвестиция тарту көлемі бойынша да көш бастап тұр. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің төрағасы Марат Қарабаев тау-кен саласында еш құлдырау байқалмайды және көрсеткіштер 2019 жылғы деңгейде қалып отыр. Менің ойымша, пандемия кезеңі үшін бұл өте жақсы көрсеткіш деді. Атап өтейік, елде тау-кен өндіру секторында 732 компания жұмыс істейді.
Энергия тиімділігін арттыруға арналған жол картасы әзірленеді
Елде 2022-2026 жылдарға арналған энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі жол картасы әзірленеді. «Жасыл экономикаға» көшудің негізгі тұстарының бірі осы бағытты жетілдіруге арналған. Еліміздің 2025 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарында және «жасыл экономикаға» көшу жөніндегі тұжырымдамасында баламалы қуат көзін 2025 жылға қарай 25, ал 2050 жылдары 50 процентке арттыру көзделіп отыр. Энергия үнемдеу саласына инвестициялар тарту үшін көшені жарықтандыру жағдайы бойынша деректер базасы дайындалды. Тиімді энергия жабдықтарын әзірлейтін отандық өндірушілердің және осы бағытта үздік қызмет көрсететін компаниялардың тізімі жасалады. Сонымен қатар халықаралық ұйымдармен белсенді ынтымақтастық орнайды. Қазірдің өзінде дүниежүзілік банкпен бірлесіп 21,7 миллион АҚШ долларына «Қазақстанда энергия тиімділігін арттыру» деп аталатын жоба жүзеге асып жатыр.
24.kz
30 желтоқсан 2020 ж. 326 0