Қанша қазақстандық зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алып үлгерді

Қазақстанда зейнетақы жинақтарының бір бөлігін тұрғын үй жағдайын жақсартуға, емделуге немесе сенімгерлік басқаруға беруге мерзімінен бұрын алуға өтінімдерді қабылдау жалғасуда. "38 806 өтінім берілді. БЖЗҚ қазірдің өзінде 18 000-ін мақұлдады", - деп жазды Facebook-те Нұрлан Ақшанов.