Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Мүгедек балаларға арналған жәрдемақы мөлшері артады

Мүгедек балаларға арналған жәрдемақы мөлшері артады

Бүгін Сенат 7 жастан 18 жасқа дейінгі балаларды мүгедектік топтары бойынша бөлетін заңды қабылдады. Бұл туралы жоғарғы палатаның отырысында мәлім болды, деп жазады Egemen.kz.

Мүгедек балаларға арналған жәрдемақы көлемі артады. Салыстыру үшін, қазіргі уақытқа дейін барлық мүмкіндігі шектеулі балалар ең төменгі күнкөріс деңгейінің 1,4 мөлшерінде бірдей жәрдемақы алатын. Бұл - 48 023 теңге. Енді I және ІІ топтағы 7 жастан 18 жасқа дейінгі мүгедек балалар тиісінше 64 860 теңге және 54 541 теңге алатын болады.
Бұдан басқа, аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға әлеуметтік пакет ұсыну және әлеуметтік қызметтер порталы арқылы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге кепілдік беріледі.
«Қабылданған Заң мүмкіндігі шектеулі азаматтардың, оның ішінде балалардың жағдайын жақсартуға, әлеуметтік теңсіздіктерді жоюға, қолданыстағы әлеуметтік қамсыздандыру жүйесін одан әрі жетілдіруге арналған. Алдағы уақытта осы заң мүмкіндіктері шектеулі азаматтарымыздың және мүгедек балалары бар отбасылардың құқықтарын қамтамасыз етуге, олардың өмір сүру сапасын жақсартуға оң әсерін тигізеді деп сенеміз», деп атап өтті Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев.
Тұрғын үй қатынастары саласына да өзгерістер енгізілді. Енді мүгедек бала тәрбиелеп отырған отбасылар үшін және олар 18 жасқа толғаннан кейін тұрғын үй алуға кезек сақталатын болады.
23 қыркүйек 2021 ж. 857 0