Депозиттер бойынша қарашадағы сыйақы мөлшерлемесі бекітілді

Бұл енді қысқа мерзімді (3 және 6 айлық мерзімді және жинақ) депозиттердің жинақтық тартымдылығын және олардың мерзімсіз салымдар алдындағы артықшылығын нығайта түспек. 12 айға арналған жинақ салымдардың толықтыруға болатын түрі бойынша мөлшерлеме 12,6%-ға дейін, ал толықтыруға болмайтын түрі бойынша 13,8%-ға дейін төмендеді.
Бұл ретте 12 айлық жинақ салымдардың толықтыру құқығы жоқ түрі – ең табысты салым болып қалуда. Қор нарықтық мөлшерлемелер мониторингін негізге ала отырып, мерзімсіз, 12 және 24 айлық мерзімді салымдар, сондай-ақ 24 айлық жинақ салымдар бойынша мөлшерлемелерді өзгеріссіз қалдырды.
syrboyi.kz