Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » «Қазақстан халқына» қорына қанша қаржы жиналды

«Қазақстан халқына» қорына қанша қаржы жиналды

«Қазақстан халқына» Қоғамдық қорына 2022 жылғы 16-25 қаңтар аралығында 65 703 қазақстандықтан 39,1 млн теңге түсті. 130 заңды тұлға мен ірі бизнесмендерден 42.1 млрд теңге түсті, деп хабарлайды Egemen.kz Қордың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сондай-ақ, қордың баспасөз қызметі 20-25 қаңтар аралығында «Қазақстан халқына» Қоры арқылы қайырымдылыққа елеулі үлес қосқандардың тізімін жариялады.
«KAZ MINERALS AKTOGAY (ҚАЗ МИНЕРАЛЗ АҚТОҒАЙ)» ЖШС - 6.2 млрд теңге;
«KAZ MINERALS BOZSHAKOL (ҚАЗ МИНЕРАЛЗ БОЗШАКӨЛ)» ЖШС - 6.2 млрд теңге;
«KAZAKHMYS SMELTING (КАЗАХМЫС СМЭЛТИНГ)» ЖШС - 5 млрд теңге;
«Востокцветмет» ЖШС – 3.1 млрд теңге;
«СӘБИ» Жеке қайырымдылық қоры» - 1 млрд теңге;
«Астана-Моторс» мотор компаниясы» ЖШС - 550 млн теңге;
«BI-DEVELOPMENT» ЖШС – 300 млн теңге;
«Сарыарқаавтопром» ЖШС– 250 млн теңге; 
Избастин Мухамед Темиртаевич – 100 млн теңге; 
«NAK Development» ЖШС - 100 млн тенге;
Махат Рашит Мұқарамұлы – 50 млн тенге.
Қор басшылығы алынған барлық қаржы қаражатының толық ашықтығы мен есептілігі қамтамасыз етілетінін мәлімдейді. Ақша Қазақстан халқының игілігіне, денсаулық сақтау, әлеуметтік сала, білім, мәдениет және спорт проблемаларын шешуге бағытталады.
Қор орфандық және басқа да аурулары бар, халықтың әлеуметтік осал топтарына мұқтаж балаларға, қаза тапқан әскери қызметкерлердің, құқық қорғау және арнайы органдар қызметкерлерінің отбасыларына, сондай-ақ басқа да қайырымдылық мақсаттарға қолдау көрсетеді.
26 қаңтар 2022 ж. 2 712 0