Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Елімізден шетелге 172,8 млрд теңге аударылған

Елімізден шетелге 172,8 млрд теңге аударылған

 Қазақстаннан аударылған қаражаттың үштен екісі Ресей, Өзбекстан және Түркияға кеткен,

2019 жылдың қаңтар-сәуір аралығында Қазақстаннан шетелге аударылған ақша 172,8 млрд теңгені құраған, бұл өткен жылғы осы аралықпен салыстырғанда 8,6%-ға жоғары. Ал транзакция саны 1%-ға төмендеп, 775,8 мыңға дейін түскен.
Ақшаның басым бөлігі халықаралық қаржы аудару жүйелері арқылы Ресейге кеткен. Аударылған ақша 65,1 млрд теңге, бұл өткен жылға қарағанда  6,4%-ға төмен.
Екінші орында 26,5 млрд теңге аударылған Өзбекстан тұр. Сонымен қатар, 25,8 млрд теңге аударған Түркия үштікке енген. 
Ақша аудару жүйесі арасында «Золотая Корона» көш бастап тұр. Бұл жүйе арқылы 123,5 млрд теңге аударылған.

https://baq.kz 

05 маусым 2019 ж. 630 0