Қазақстанда 1 шілдеден бастап темекі бағасы қымбаттайды

Бұйрыққа сәйкес сүзгісі бар, сүзгісі жоқ 20 темекінің, папиростардың, сигариллалардың және қыздырылатын темекі бұйымдардың ең төменгі бөлшек бағасы мынадай мөлшерде бекітілді:
2023 жылғы 1 шілдеден бастап 2023 жылғы 31 желтоқсанға дейін 710 теңге;
2024 жылғы 1 қаңтардан бастап 770 теңге.
Қазіргі таңда темекі өнімдерінің бөлшек саудадағы ең төменгі бағасы 650 теңгені құрайды.
Бұйрық 2023 жылдың 1 шілдесінен бастап күшіне енеді.