Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Доллардың бүгінгі бағамы

Доллардың бүгінгі бағамы

Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 457 – 462 теңгеден саудаланып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Kurs.kz деректері бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 458 – 462 теңгеден сатылып жатыр.

Ал Алматыда доллар бағамы 457,5 – 462 теңге аралығында құбылып тұр.

24 тамыз кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 2,36 теңгеге қымбаттап, 461,73 теңге болған.

Ұлттық банктің 25 тамыздағы ресми бағамы – 1 долларға 462,04 теңге.

Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 4,89 теңге болды.

Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей рублі 4,75 – 4, 95 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Астанада көрші ел валютасы 4,77 - 4,87 теңгеден сатылуда.
25 тамыз 2023 ж. 4 203 0