Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда доллар құны төмендеді

Қазақстанда доллар құны төмендеді

Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 460- 466 теңгеден саудаланып жатыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Kurs.kz дерегіне сәйкес, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 460 – 466 теңге, Алматыда 461,5– 465,5 теңге аралығында құбылып тұр.
16 қараша кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 1,43 теңгеге төмендеп, 459,36 теңге болған.
Ұлттық банктің 17 қарашадағы ресми бағамы – 1 доллар үшін 459,35 теңге.
Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 7,61 теңге болды. Дәл қазіргі уақытта Алматыдағы ақша айырбастау орындарында рубль 7,35– 7, 45 теңге аралығында саудаланып жатыр.
17 қараша 2022 ж. 456 0