Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қаржыға қадағалау қажет

Қаржыға қадағалау қажет

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биыл «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауында "Қазір нақты секторға несие әлі де ойдағыдай берілмей жатқанын ашық айтуымыз керек. Шағын және орта бизнесті жеткілікті қаржыландыру мәселесі де шешімін тапқан жоқ. Бұл жағдай еліміздегі іскерлік ортаның белсенділігіне, экономиканың тұрақтылығына және дәйекті дамуына кедергі келтіріп отыр. Үкімет пен Ұлттық Банк бірлесіп, осыған қатысты оңтайлы шешімдер ойластыруы керек. Банктердің экономикаға көбірек қаржы құюына жағдай жасау қажет. Халықаралық сарапшылар қазақ банктерін ресурсқа бай елдер ішіндегі ең көп пайда табатын банктер санатына қосады. Сондықтан осы саладағы салық мөлшері әділ белгіленуге тиіс. Банктердің акционерлері дивидендіне сәйкес салық төлеуі керек. Банктерге мемлекет көрсеткен көмек тұрғысынан қарасақ, бұл – өте орынды ұстаным. Цифрлық активтердің айналымын қамтамасыз ету және банк саласына инновацияларды қауіпсіздік талабына сәйкес енгізу үшін оны реттейтін тетіктердің тұрақты болуы маңызды. Бізге Банктер туралы жаңа заң қажет. Бұл құжатта экономикалық белсенділікті қолдау және финтех саласын қарқынды дамыту сияқты өзекті мәселелер шешімін табуы керек. Қазір қолданып жүрген заң шамамен 30 жыл бұрын қабылданған. Ол кезде заман да мүлде басқа болды. Ашығын айтуымыз керек, бізде республикалық бюджеттің кіріс бөлігі орындалмай жатыр. Бұл – бұрынғы және қазіргі Үкімет жұмысындағы үлкен олқылық. Мұндай жағдай жиі қайталанса, түптеп келгенде, еліміздің дамуын тежейді. Сондықтан оған жол бермеу қажет. Бюджет қаржысын тиімді пайдаланып, оның шығыс бөлігін шектеп, қатаң бақылауда ұстаған жөн. Үкімет Ұлттық Банкпен бірлесіп, осы мәселеге қатысты нақты шаралар қабылдауға тиіс» деді Президент.
Бұл жаһандық үрдісті бағамдап, дамыған елдердің саясатын саралау негізінде басшылыққа алынған үлкен қадам. Расында Бюджет қаржысын тиімді пайдалану арқылы дамудың жаңа сатысына қадам басып, елдің ахуалын тұрақтандыруға болады.
Мемлекет басшысы айтқандай қиындықтар дамыған елдерде де орын алды. Мәселен барлық нарыққа әсерін тигізген, 2008-2010 жылдарда болған қаржы дағдарысы, көптеген дамыған мемлекеттердің ақша-несие саясатына өз түзетулерін енгізді. Қалыптасқан дағдарыстық жағдай ары қарай ақша-несие саясатының тек қана дәстүрлі шараларын қолдануға мүмкіндік бермеді. 2008 жылдан бастап, АҚШ Федералды Резервтік Жүйесі, Еуропа орталық банкі және Еуроаймаққа кірмейтін, Еуродақтың ең үлкен және экономикалық дамыған орталық банкі – Англия Банкі – бір уақытта дерлік, «сандық жұмсару» атты, ақшанесие саясатының дәстүрлі емес шарасын қолдануға көшті. Тіпті көптік жұмсару әдісін ойлап табу қарама-қайшылықтарда шиеленіскен. Біреулер Кейнске тиесілі, енді біреуі, алғашқы болып бұл саясатты қолданған Жапония Банкі десе, үшіншілері – терминді ойлап тапқан, экономист Ричард Вернерды айтады. Дамушы нарықтарға көптік жұмсаруды өткізу мен қолданудың тиімділігі көптеген даулардың тақырыбы болып табылады, дегенмен, сандық жұмсару саясатының қалай жүзеге асатыны әлі де толық игерілмеген. Себебі, түрлі елде өткізілетін, көптік жұмсару бағдарламасы болжанбайтын және қаржылы билік қаламағандай түрде жұмыс істейді. Дүниежүзі бойынша алғашқы болып Швейцария, көптік жұмсару бағдарламасы кері әсерін тигізгенде, дәлірек айтсақ, құрдымды білдіретін, мемлекеттік облигациялардың табыстылығының көзге көрінерліктей өсуіне алып келіп феноменді жағдайға тап болды.
Қиындықтан қалай шықты?
Қазіргі кезеңде, дамыған елдердің орталық банктерінің ақша-несие саясатының негізгі құралы дәстүрлі ашық нарықтағы бағалы қағаздарды сату және сатып-алу операциялары болып табылады. Олардың көмегімен, орталық банктегі коммерциялық банктердің шоттарындағы қаражаттарынан және кассалық қалдықтарынан құрылған, айналыстағы ақшадан және банктік резервтерден тұратын, ақша базасының көлемі реттеледі. Әдеттегідей, бағалы қағаздарды сату және сатып алу операциялары РЕПО болып табылады, яғни бағалы қағаздарды, бағалы қағаздарды алғашқы сатып алу, сату бағасы мен бағалы қағаздарды алғашқы сатып алу, сату кезіндегі орнатылған пайыз сомасының қосындысының бағасымен кері сату, сатып алу операцияларын қарастырады.
Осы механизмнің арқасында орталық банк ақша-несие саясатының алдына қойған мақсаттарына жету үшін толқуларды басып, бірақ корпоративтік және мемлекеттік қарыздарды қаржыландырмайды. Міндетті резервтердің тұрақты деңгейінде банктік резервтердің өсуі банктік резервтердің артылуының ұлғайғандығын білдіреді. Ұлғаю, өз кезегінде, экономикаға бірден бірнеше арналар бойынша әсерін тигізеді. Ақша-несие саясатының басқа екі дәстүрлі құралы – міндетті резервтер нормасы және қайта қаржыландыру мөлшерлемесі де банктік резервтердің резервтеріне әсер етеді, бірақ дамыған елдердің орталық банктеріндегі қазіргі кездегі тәжірибесінде бұл құралдар сирек қолданылады, себебі ашық нарықтағы операциялар қолайлырақ және тиімдірек болып келеді. Дегенмен, экономикада «өтімділік тұзағы» атты жағдай орын алуы мүмкін, яғни күшті рецессия кезінде пайыздық мөлшерлемелер нөлге дейін төмендеп, монетарлық билік дәстүрлі құралдар арқылы ынталандырушы ақша-несие саясатын жүргізе алмайды. Мұндай жағдайдың экономикалық мәнін түсіну үшін, экономикалық агенттің ақша қаражаттарын жұмсауда үш тәсілі бар, гипотезалық экономиканы қарастыруға болады: ақшаны өндіріске инвестициялау, бағалы қағаздарды иелену, облиагияларды және оларды өтегенге дейін ұстау немесе ақшаны қолма-қол түрде сақтау. Сонымен қатар, облигацияны өтеу мерзімі инвестициялық жобаның қызмет ету мерзіміне тең деп болжануда. Сол немесе басқа тәсілді таңдау экономикалық агенттің әр тәсілдің нақты табыстылығын бағалауы арқылы жүргізіледі.
Осылайша, экономикалық агентпен өндіріске салынған инвестицияның табыстылығы басқа тәсілдерге қарағанда жоғарырақ деп бағаланады. Экономикалық агентетердің көпшілік бөлігі осындай шешімдерді қабылдап, өндіріске инвестициялай отырып, экономикалық өсуді ынталандырады. Күшті рецессия кезінде экономикалық агент сұраныстың төмендеуі көрінісінде, өндірісті инвестициялаудан номиналды табыстылығы өте төмен деп бағалайды және әдетте, бар нарықтарды есепке ала отырып, өндіріске инвестициялаудың қажеттігі жоқ деп санайды. Дәл сол уақытта, экономикада пайыздық мөлшерлемелердің нөлге жақын немесе нөлге дейін төмендеуінен, орталық банктің ақшанесие саясатының ынталандырушы саясатының нәтижесінде облигациялардың құнының жоғарылауына және өтелудің номиналды табыстылығының ең төменгі, нөлге жақын минамалды деңгейіне әкеледі. Сонымен бірге, күшті рецессия, пайыздық мөлшерлемелердің нөлге төмендеуіне қарамастан, экономикалық белсенділіктің төмендеуі түрінде әдетте, төмен инфляция мен төмен инфляциялық күтулермен жалғасады, яғни, халықтың «қолындағы» ақшаның құнсыздану үрдісі баяулайды.
2008-2011 жылдардағы АҚШ ақша базасының үш еселенуі ел экономикасына шикізаттық тауарлардың бағасы мен ұлттық индекстерінің өзгеруі ретінде айтарлықтай әсер етпеді. «Өтімділік тұзағынан» шығу үшін орталық банк экономикадағы бағалардың деңгейіне әсер ету керек. Инфляция мен инфляциялық күтулердің өсуі қолма-қол ақшалардың құнсыздануын жылдамдатады, яғни ақшаларды сақтаудағы нақты табыстылықтың төмендеуіне әкеледі. Экономикалық агент, экономикадағы нөлдік пайыздық мөлшерлемелерден минималды болған, ақшаны сақтаудың номиналды табыстылығы мен өтелетін облигациялардың номиналды табыстылығын, жеке өзі арттыра алмайды. Инфляциялық үрдістердің дамуынан өз жинақтарынан айырылып қалмас үшін, оның тәуелділікке деген қарым-қатынасын өзгертіп, өндірісті инвестициялап және инфляциядан артық болатын өндірісті инвестициялаудың номиналды табыстылығына жетуге ұмтылады.
Қазақстандағы қаржы саясаты
Елімізде де экономикалық процестерді реттеу кез келген қоғамдық жүйенің, соның ішінде қаржыны басқарудың ажырағысыз элементі болып табылады. Экономиканы реттеу әдетте екі нысанда – өзін өзі реттеу мен мемлекеттік реттеу нысанында жүргізіледі. Біріншісі қоғамдық өндірістің түрлі буындарыңда қаржы базасын қалыптастырудың шаруашылық жүргізуші субъектілердің өздері жасап, пайдаланатын әдістерімен сипатталады. Екінші нысан қоғамдық өндірістің даму процесіне мемлекеттің сан алуан экономикалық тетіктері, соның ішінде қаржы тұтқалары арқылы араласуын бейнелейді. Экономиканы мемлекеттік реттеуге қаржы жүйесінің барлық сфералары мен буындары қатысады, оның үстіне қаржы жүйесінің әр буыны ықпалының өзгешеліктері болады, айталық, ұлттық экономика арақатынастарының ұдайы өндірістік, салалық, аймақтық және сан алуан түрлері реттеледі.
Экономиканы мемлекеттік қаржылық реттеу бұл макроэкономикалық тепе-тендікке және экономиканың жұмыс істеуінің әрбір нақтылы кезеңінде оның үдемелі дамуына әсер ету үшін, сондай-ақ қаржы ресурстарын шебер пайдаланудың күнделікті процесін қамтамасыз ету үшін шаруашылық жүргізуші субъектіге мемлекеттің қаржылық ықпал жасауының нысандары мен әдістерін мақсатты және дәйекті қолдану процесі ретінде сипатталады. Мүндай реттеудің қажеттігі мемлекет тарапынан қоғамдық өндірістің барысын қоғамға керек бағытта түзетіп отыруды талап ететін өндірістің сипатымен анықталады. Қаржы саясаты - аса маңызды саясаттардың бірі. Оның мемлекеттік маңызы өте жоғары. Дағдарыстан шығу болсын, экономиканың «қызып» кетуінің алдын алу болсын, барлық жағдайда қаржы саясаты негізгі экономикалық тетік ретінде қарастырылады. Дискредициялық және дискредициялық емес фискалдық саясат түрлерінің де ерекшеліктерін байқап отырмыз. Фискалдық саясаттың халық тұрмысындағы алатын орны да ерекше. Салық, мемлекеттік шығыстар, Орталық банктің қызметі, мұның бәрі қаржы саясатының тұтқалары. Ал олардың экономикаға әсерін асырып айту мүмкін емес.
Қаржыны басқарудың бүкіл жүйесі мемлекеттің қаржы саясатына негізделеді. Қаржы саясатын жасауға биліктің заңнамалық және атқарушы тармақтары қатысады. Қазақстан Республикасында оның конституциялық ерекшеліктеріне қарай жалпы экономикалық саясат сияқты қаржы саясатын жасаудағы басымдық Қазақстан Республикасының Президентіне жатады, ол жыл сайынғы Жолдауында ағымдағы жылға және перспективаға арналған қаржы саясатының басты бағыттарын анықтайды. Үкімет экономиканы дамытудың басты бағыттарын жүзеге асыру және қоғамдағы әлеуметтік түрақтылықты қамтамасыз ету мақсатымен осы Жолдаудың шеңберінде іс-қимыл жасауы тиіс. Осыған орай биліктің атқарушы тармағының бір бөлігі ретінде Үкімет қаржы саясатын іске асыруға қажетті зандардың жобаларын жасайды және оларды қарап, қабылдау үшін Президентке тапсырады.
Аудандағы ақша-несие саясатының ахуалы
Қаржыны басқарудың бүкіл жүйесі мемлекеттің қаржы саясатына негізделетінен байқауға болады. Мәселен аудандағы "HALYK BANK" АҚ-ның несиелік мөлшерлемесі тікелей Ұлттық банкке байланысты. Қазіргі таңда 6 айға дейінгі қаржылай несие 15%-дық мөлшерлемемен босатылса, 7-36 ай аралығында 21,5%, 37-60 айға 23,5% болып отыр.
Сондай-ақ баспаналы боламын деушілерге 7-20-25 бағдарламасы негізінде көмек көрсетсе, ипотекалық несиелер банк тарапынан 17,5% мөлшермен беріледі.
Аудан бөлемінде осы банктың 82 терминалы жұмыс істесе, арнайы QR код арқылы төлемді 100-ден аса кәсіпкер пайдаланып келеді. Бұл фискалды саясаттың жұмысына өзіндік септігін тигізіп отыр.
Түйін:
Сандық жұмсарулар – бұл мемлекеттің стандартты емес монетарлық құралдарының бірі болып табылады. Орталық банк үкіметтің, оның құрылымдық бөлімшелері, коммерциялық банктердің несиелеуімен қолма-қолсыз ақшалардың қосымша эмиссиясын іске асырады немесе олардың ұзақ мерзімді борыштық бағалы қағаздарын сатып алып, нәтижесінде экономиканы ынталандыру жүзеге асады. Бірақ тәжірибе көрсеткендей, бұл саясатты қолданудың нәтижесі бастапқы мақсаттарға әрқашан жеткізе бермейді. Сондықтан билік, ең алдымен, ақшаны қымбат немесе арзан етіп, пайыздық ставкалардың көмегімен экономиканы басқаруды жүргізуі қажет. Монетарлық масса миллиардпен емес, тіпті триллиондаған ұлттық бірліктер көмегімен есептелгенде, елде ақшаның көбеюі соншалық, несиелер бойынша пайыздық ставкалар жылына 1%-дан да төмен болған жағдайда ғана пайыздық ставкаларды қолдану іске аспайды. АҚШ-та есептік пайыздық ставка 0,5 және 0,25% деңгейінде. Жапонияда пайыздық ставка 0,1%, Евроаймақта 0%. Ақша көп болғанымен, олар өндірістің дамуына және халықтың қажеттілігін қанағаттандыруын қамтамасыз етпейді. «Сандық жұмсарулар» деген желеумен ақшаны бөлу мен өндірістің әкімшілік-командалық жүйесі құрылады.
Оңталап ЖОЛДАСОВ
19 қазан 2024 ж. 167 0