Зейнетақы: Шекті мән төмендей ме?

«Бүгінде зейнетақы жинақтарының қартаю кезеңінде өмірді жеткілікті қамтамасыз етуге бағытталғанын жақсы түсінеміз. Жинақтарды ерте жаста алу болашақта, кәрілік кезінде, осы төлемдердің нақты құнының төмендеуіне әкелуі мүмкін. Сондықтан бүгінде бұл қадамға бармаған дұрыс деп ойлаймын», – деді министр.
Қазақстанда 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап жаңа жеткілікті шек қолданылады. Айта кетейік, 2025 жылға арналған шек өзгеріссіз қалған – олар 2023 және 2024 жылдардағы деңгейде сақталған. Бұл шектер жасқа байланысты 3 миллионнан шамамен 10 миллион теңгеге дейінгі сома болады. Мәселен, 20 жастағы қазақстандықтар үшін бұл көрсеткіш – 3 миллион 260 мың теңге, 30 жастағылар үшін – 4 миллион 580 мың теңге, ал 40 жастағылар үшін – 6 миллион 100 мың теңге.
syrboyi.kz
Фото: Нұрболат Нұржаубай