Баланың тұсауын немен кескен дұрыс?

Тұсаукесер - табаны жерге тиіп, тәй-тәй басқан сәбидің үлкен өмірге жасаған алғашқы қадамы болып табылады.
Қазақ халқы тұсауы кесілмеген бала сүріншек, өмірі кедергілер мен қиындықтарға толы болады деп сенген.
Сондықтан "ырымдап" осы дәстүрді міндетті түрде орындауға тырысты. Қазіргі уақытта баланың тұсауын қайшымен немесе пышақпен кесетіні жасырын емес.

Ахметова қазақ халқы неге баланың тұсауын пышақпен кескенін де түсіндіріп өтті."Бір-біріне кереғар, қарама-қарсы қайшының жүзі секілді баланың алдағы өмірі қайшыланып, кедергілер көп болмасын деп қазақ қайшымен кесуді жөн көрмейді. Бұл да жай емес, тіршілік тәжірибесінен алынған", — деді ұлт жанашыры.
"Жақсылық болып, басына бақ қонғанда асып-тасып асылық жасамасын, қиындықта жасып басылмасын, өмірдің күнгейі мен көлеңкесінен тең өтсін" деп баланың аяғына тұсалған ала жіпті пышақпен шорт кеседі", - дейді Бауыржан Момышұлының келіні.