Қазақстанда тегін таратылатын онкодәрілер Ресейде миллион теңгеге сатылған
Ресейде қазақстандық онкологиялық науқастарға тегін берілетін дәрі-дәрмектер сатылғаны анықталды. Дәрі-дәрмектің бір қорабының бағасы миллион теңгеден асады, деп хабарлайды aikyn.kz
«Қазіргі уақытта біздің онкологиялық өнімдеріміз шетелде, атап айтқанда Ресейде сатылатыны туралы ақпарат алдық, оларды СК-Фармацияның бір дистрибьюторы сатып алады және құны өте жоғары – қорабы миллион теңгеден асады»,– деді арнайы брифингте Тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау комитетінің төрағасы Людмила Бюрабекова.
Оның айтуынша, әңгіме меланоманы емдеуге арналған екі препарат – пембролизумаб (pembrolizumab) және дабрафениб (Dabrafenibum) туралы болып отыр.
«Бізге дәрі-дәрмектеріміздің Ресей нарығында сатылып жатқаны туралы пациенттеріміз хабарлады. Енді біз құқық қорғау органдарымен бірге тексеріс жүргіземіз. Егер ақпарат шын болса, біз оларды тез арада Бас прокуратураға жібереміз», – деді Л.Бюрабекова.
Комитет төрағасы аталған дәрі-дәрмектер қазақстандықтарға тегін берілетінін айтты.