«БЖЗҚ» АҚ «Зейнетақыны жоспарлау» тақырыбында «Ашық есік күні» шарасына шақырады

Қор мамандары бұған қоса зейнетақы капиталын қалыптастырудың маңыздылығы туралы әңгімелеп, зейнетақы калькуляторының көмегімен болашақ зейнетақыны жоспарлау жолдарын үйретеді және Қордың салымшылармен байланыс жасау арналары туралы мағлұматтар береді.
Шараға қатысушылар тек күн тәртібіндегі тақырып бойынша ғана емес, жинақтаушы зейнетақы жүйесі мен Қор қызметі, сондай-ақ өздерінің жинақтары туралы да сұрақтарға тиянақты жауаптар алады.
«БЖЗҚ» АҚ өзінің салымшылары мен алушыларын және барлық ниет білдіруші азаматтарды «Ашық есік күні» шарасында күтеді!