Толқын » Қоғам » Пойыздың төсек жабдығынан тыңшылық құрал табылғаны рас па
Пойыздың төсек жабдығынан тыңшылық құрал табылғаны рас па
"Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ баспасөз қызметі әлеуметтік желіде тараған видеоға қатысты пікір білдірді деп хабарлайды baq.kz.
Бүгін әлеуметтік желілерде ер адамның пойыздағы төсек-орын жабдығының заттаңбасынан белгісіз құрылғы тауып алғаны түсірілген видео тарады.
Пойыздың жаңа төсек орындары. "Қазақстанның фирмасы" дейді. Ішінде қытайша жазу. Ішін ашсаңыз – дауыстық хабарлама, SIM, антенна. Қытайға тікелей сөзіміз жетіп тұр. Жаңадан келген төсек-орын жабдықтары, - дейді ер адам.
Алайда "ҚТЖ" компаниясы табылған құрылғының "тыңшылыққа" қатысы жоғын айтып, жолаушылардан компания мүлкін бүлдірмеуді сұрады.
Әлеуметтік желілерде тарап жатқан видеода RFID-технологиясы (Radio Frequency Identification) түсірілген. Бұл электронды сәйкестендіру таңбасы алмалы-салмалы төсек-орын жабдығын қабылдау немесе беру кезінде мобильді және стационарлық құрылғыларға мәліметтерді оқуға мүмкіндік береді. Таңба шығарылған және пайдалануға берілген күнін, жоспарланған өңдеу мерзімін бақылауға, жолаушылар пойыздарындағы қозғалыстың автоматтандырылған есебін жүргізуге мүмкіндік береді, - делінген ҚТЖ хабарламасында.