Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда шай мен кофе қымбаттады

Қазақстанда шай мен кофе қымбаттады

Қазақстандағы төрт шайдың үшеуі импортпен келген, деп хабарлайды 24.kz 
Елімізде шай бағасы биылғы 10 айдың нәтижесі бойынша былтырғымен салыстырғанда бірден 10%-ға, ал кофе 4,4%-ға қымбаттады. Қазан айында жапырақты қара шайдың бір килограмы орта есеппен 3 063,3 теңгені құрады, бұл 2018 жылғы қазанмен салыстырғанда 6,8%-ға қымбат.
Қазақстандықтардың сүйікті сусыны, әсіресе Алматы, Қарағанды және Қостанай тұрғындары үшін қымбат болып отыр. Үш тоқсанның қорытындысы бойынша, отандық өндірушілер шай мен кофеге деген сұранысты 27,3%-ға (былтыр 29,6%) ғана өтеді. Осылайша, импорттаушылар нарықтың төрттен үшіне ие болып отыр. Қазақстан нарығына негізінен Кения, Үндістан және Ресей елдерінен шай жеткізіледі.
26 қараша 2019 ж. 499 0