ЖҰМЫС АУЫСТЫРУДЫҢ 5 СЕБЕБІ
Еңбекпен қамту ісіндегі мамандар егер жұмыс өз қызығын жоғалта бастаса, оны тезірек ауыстыру керек екендігін айтады.
Еңбек мәселесінде тұрақты жұмысты ауыстыру керек пе, жоқ па деген сұрақ көп бас ауыртатыны айқын. Өзі сүйіп атқармайтын жұмысты қанша қиналса да, ары қарай жалғастыра алмайтын жұмыскерлер жоқ емес. Сізге жұмыс ауыстыру керек болғанын қалай білуге болады? Мамандар осы сұраққа жауап береді деп хабарлайды inform.kz.
Жұмысқа деген қызығушылық жоғала бастаса...
Сіз бұл компанияда бұрыннан бері жұмыс атқарасыз. Күн сайын бр қалыптағы жұмыстан шаршаған да боларсыз? Ешқандай өзгеріссіз және жаңартылусыз бір ғана міндетті атқара беру сізді қажыта бастаса, онда қызметкер жұмыс ауыстыру керек екендігін түсінеді.
Карьералық сатыда бір орыннан қозғалмай қалсаңыз...
Бұл тек 2-3 адам ғана жұмыс жасайтын кішігірім компаниялардағы қызметкерлерге қатысты. Әрине, мұндай ортада сіз карьералық сатыда артқа ылдиламасаңыз, алға жылжуыңыз да екіталай.
Тиянақтылық жоғалғанда...
Бұл, әрине, жалақы мәселесіне байланысты жағдай. Бүгін төлеп, ертең жоғалып кететін компанияларға іліккен қызметкерлер жоқ емес. Сізге олар алдымен қызығушылығыңызды арттыру үшін қомақты қаржы төлеуі мүмкін. Бірақ ай өте, олар жалақы беру мәселесіне келгенде, ұстатпай кетеді. Бұл жағдай біздің ортада кеңінен таралған. Жалақысын көпке дейін бермей, не айлап кешіктіріп жатқан компаниямен тез арада қоштасқысы келетін қызметкерлер бар. Содан соң, олар текке уақыт өлтіргенше, ыңғайлы жұмыс табуға күш салады.
Айлық өспесе...
Әрине, ай сайын айлықтың өсіп отыруы мүмкін емес. Әйткенмен бір орында қатып қалған жалақы қызметкердің қызығушылығын жоюы мүмкін. Егер қызметкерді жалақы «ренжітпесе», ол өз жұмысындағы басқа минусы бар жағдайларға көз жұмып қарауға тырысады. Болмаса «аш» қызметкер жақын уақытта «наны көп» жұмыс іздеуге дейін барады.
Ұжымдағы қолайсыз жағдайлар тыным бермесе...
Алғашында сіздер бір-біріңізге сүйеу болып, бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып, қызмет етіп келген бе едіңіздер? Ал қазір бәрі басқа арнаға түсіп кетті ме? Жұмыс орнында жиі келеңсіз жағдайлар пайда болып, жиі ұрыс-керіс туындап жатса, ол қызметкерлерді жалықтырады. Ондайда ол өз кеңсесіне бас сұққысы келмей қалады. Демек жақын арада сіз өз әріптесіңіздің жұмыстан кету жөніндегі арызын оқуыңыз әбден мүмкін.