Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » АҚША ҮНЕМІ ЖЕТПЕЙДІ. НЕГЕ?

АҚША ҮНЕМІ ЖЕТПЕЙДІ. НЕГЕ?

Бұл жазбаны оқып алып, бай болып кетуіңізге кепілдік бермейміз. Айлап, жылдап кеңес беретін түрлі психологиялық тренинг те емес. Жәй ғана ақшаның не үшін әрқашан да жетпей жүретініне жауап іздеп көрелік. Тақырыпты осылай қойған екенбіз, енді соған жауап берейік. Автокөлік 
Сізге көлік айдау ұнайды. Алғашқы кезде сіз автобуспен ғана жүретінсіз, кейін ескі бір көлік сатып алдыңыз, ал қазір несиеге алған мерседесіңізбен мақтана аласыз. Сізде ақша әрдайым жетпей жүреді, тіпті еңбек демалысыңыз бен дәрігерге қаралу секілді маңызды істерге де қырын қарауыңыз керек. Бірақ көліксіз әрменгі өміріңізді елестете алмайсыз. 

Ай сайынғы несие төлемін беруіңіз керек, қымбат сақтандыру компаниясы мен техникалық байқаудан өтуіңіз керек делік. Бұдан басқа көптеген мәселелер шешімін таппай әлі тұра бермек: көлік орнын жалға алу, май ауыстыру, кезең сайын дөңгелек ауыстыру, аптасына бір рет толтырып тұрып жағармай құю... Жалғаса береді. Бірақ сіз бұл шығындармен келіскенсіз. Ал егер қағаз бен қалам алып, темір досыңыз үшін ай сайын төлеп отырған ақшаңызды есептеп көрсеңіз айлық табысыңыздың үштен бір бөлігін арнайтыныңызды байқар едіңіз. Ал оған жұмсалған уақытты қосыңыз. Ақыл айтудан аулақпыз, тек ақшаның не үшін жетіспей жүретінін түсіндірдік. 

Жарнама 

Сіз кола ішесіз, мальборо темекісін шегесіз, орбит сағызын шайнайсыз, МакДоналдстан гамбургер жейсіз. Әрқашан да керемет әтір иісін сатып аласыз, ал айфоныңыз жылан терісінен жасалған қапшығыңызда жатады. Осы жағдайда да сізге жарнама ешқандай да әсерін тигізіп жатқан жоқ дегіңіз келеді. Ал әмияныңыз бен асқазаныңыздағы «бос кеңістік» - сіздің таңдауыңыз. Осы өмір салтыңызды «дұрыс» деп, бірде «керемет» деп жарнама көшеде болсын, үйде теледидардан болсын, тыңдаған радиодан болсын айтып жатыр, айтып жатыр... 

Сұрақ қойғым келеді, сіз зомби емессіз бе? 

Қайырымдылық 

Сіз өте жақсы дос бола аласыз. Досыңыз да көп. Осы керемет қарым-қатынасты сақтау үшін сіз бәріне де жағып, бәріне де көмек қолын созғыңыз келеді. Көршінің көлігін оталдырып беру, ініңізге реферат жазып беру, ішіп алып көлігін соққан досыңызға қарызға ақша беру, тұрмысқа шыққан қарындасыңыз көше қалса жиһазын тасу. Әсіресе осы туысқандар сізге сеніммен қарайды, себебі «жоқ» деп айта алмайтыныңызды жақсы біледі. Сізге қайтарымы бар, әрине, алаңдамаңыз, «рахмет» айтады, кешегі түннен қалған бауырсақпен қосып шай береді, тіпті кейде бетіңізден сүйіп, қолыңызды қысады, арқаңыздан қағады... Егер сіз көмектескен қаржыңыз бен уақытыңызды есептейтін болсаңыз құлға айналғаныңызды білер едіңіз. Бір күні сіз, бір күні ол көмек қолын созар дейсіз бе, қайтарымы бар дейсіз бе? Ал жұртқа жағып жүрген сіз өз қиындықтарыңызды шешуге әлдекімді шақырғаныңызды еске түсіріп көріңіз. Иә, иә, сіз сондай мейірбансыз ғой... 

Қарқынды жұмыс 

Сіз жарнамасы жалын шашқан, атын естісе ат үркіп жөнелетін жұмыста қызметкерсіз. Басшылығыңыз кей-кейде демалуға мүмкіндік береді, немесе жұмыстан сәл ерте қайтуға. Айлығыңыздың аз екеніне алғашқы кезде кешіріммен қарайтын болсаңыз, қазір тіпті үйреніп алғансыз. Оның үстіне айлық жалақы кешігіп түседі. Сізге басшылық көптеген ескерту жасап, тіпті айғайлап алады. Сізде ешқашан артық ақша жоқ, уақытты айта көрмеңіз. Жұмыс көп. Әрқашан ентігіп, үлгермей жүресіз. Егер сіз батылдыққа барып, басшыңыздан міндетті демалысыңызды алсаңыз, сол уақытта бұл жұмыстан кетуді ойлайтын едіңіз, өзге бір вакансияларды қарастырар едіңіз, бірақ «жоғарыдағы кісі» сізге демалыс бермейді. Тіпті кешқұрымға дейін жұмыста отырып, үйге есеңгіреп жетіп жүрген кезде өзге жұмыс қарастыруға күш жетпейтінін білеміз. 

Қымбатшылық 

Сіз арзан зат сатып алатындай бай емессіз ғой. Нақтырақ айтсақ, сіз тіпті де бай емессіз. Орта деңгейлі адамсыз. Жұмыс автоматынан дайын кофе сатып алуға да тиын таппай қалатын әдет жиі-жиі болып тұрады. Бірақ әрбір заттың бағасын білген кезде сатушыдан қысылмау үшін соншалықты қымбат затқа таңданыспен қарамауға тырысып, «сатып аламын» деп қалай айта салғаныңызды білмей де қаласыз. Сізден де бақуатты біреу сізге қарап тамсанып өтеді-ай. Осының бәрі не үшін? 

Спортсыз өмір 

Сіз әр таңда айнаға қарап, жаттығу залына жазылуды ойлайсыз. Бірақ жұмыста шаншылып отырған соң оған күш-қуат жетіспейді деп өзіңізді алдарқатасыз. Сізде өмір салтын ауыстыруға деген айқын бір себеп жоқ, денеңізді шынықтырып үлгеретін сияқты болып жүресіз. Оған табыла кететін ақшаның өзі жоқтың қасы. Иә, бұл да сылтау... 

Тіс жегісі 

Тісіңізді емдемегелі ғасырдан астам уақыт өтіп кеткен. Тіс жегісі төрт бірдей тісіңізде бар. Бірақ дәл қазір ешқайсысы да ауырмайды. Күнделікті істі қойып, тіс дәрігеріне көрінуге ақша да жоқ, уақыт та тапшы. Сіз егер тіс жиегін тазаламасаңыз өздігінен жазыла салмайтынын білесіз. Кейін орнына протез тіс қойдыртсаңыз оның қымбат екенін де білесіз. Бірақ сіз дәрігерге бармайсыз. Себебі маңызды істеріңіз толып жатыр. Иә, солай... 

Дереккөз: Reactor
http://reactor.inform.kz​​​
06 маусым 2019 ж. 670 0