Көп кездеспейтін ұл-қыз есімдері және оның мағынасы

Ұл бала есімдері
Абыз – аса білімді, ғалым.
Айжарық – айналасына айдай нұр шашып жүрсін деген мағына. Аймағамбет – мақтаулы. Айтақын – ойын ірікпей айтатын ақын болсын деген мәнде.
Айшуақ – айдың жарығы. Аңсаған – әдетте көптен бала сүймей, ұзақ күтіп көрген баласына қойылатын есім.
Атығай – атына заты сай. Әзілхан – әзілге жақын. Әзілхан Нұршайықовтай жазушы болсын деген ниетте қойылады.
Батырлан – ерлік көрсету деген мәнде.
Ералы – ең атаулы батыр.
Жәдігер – мұра, көненің көзі деген мағына.
Жиренше – өткір тілді шешен.
Игілік – жақсы, ізгі іс.
Керімхан – адал, кең жүректі адам.
Қасым, Қасымхан – тартымды, реңді. Қасым Аманжоловтай ақын болсын не Қасым хандай адал азамат болсын деген ниетте қойылады. Қобыланды – ержүрек, батыр.
Мұнар – «сағым» сөзінің синонимі.
Расул – елші деген мағына.
Салауат – аман-есен жүрсін деген ниетпен қойылады.
Сафуан – таза, мықты.
Сүлеймен – мақсатына жетуші, табанды жан.
Тахауи – ұрпақ, Тахауи Ахтановтай білгір жазушы болсын деген ниетте қойылады.
Темірлан – мықты, табанды бол деген мәнде.
Тобанияз – сыйлы деген мағына.
Төле – Төле бидей қара қылды қақ жарған әділ болсын деген ниетте қойылады.
Хақназар – қолдау, қамқор болу.
Шайхы – ғалым, оқымысты. Шахнияз – патшадай сыйлы.
Шәміл – шуақ шашқан.
Шернияз – аң патшасы арыстандай сыйлы.
Қыз бала есімдері
Ажарлым – сұлуым, көріктім.
Айқаракөз – Мұхтар Әуезовтің кейіпкері. Айдай әдемі, қара көзді сұлу болсын деген мәнде.
Айтұмар – «ай» және «тұмар» сөздерінінің қосындысы. Мойындағы тұмардай серік болсын деген ниетте қойылады.
Ақұштап – Ақұштап Бақтыгереева сынды ақын болсын деген ниет.
Аяла – мәпелеу, қамқор болу.
Әзиза – қуатты, күшті.
Балауса – балғын, жас, пәк.
Балзада – тәтті бала деген мағынада.
Балсұлу – өзі тәтті, өзі әдемі.
Жасмин – гүлдей әдемі.
Марфуға – бәрінен биік.
Меңтай – көбіне денесінде меңі бар қыздарға қойылады.
Мұнтаз – таза, ұқыпты.
Перизат – періште.
Саруар – қамқоршы, қолдаушы («Көшпенділер» романында кездесетін есім).
Тоғжан – Абайдың ғашығының есімі.
Шырай – әдемі, келбетті.
Хорлан – сұлулан, хор қыздарындай сұлу бол деген ниетте қойылады.
Сізге қай есім ұнады?