ІІМ басшысы Bek Air ұшағының құлау себебінің үш нұсқасын атады
Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғынбаев Bek Air ұшағының құлауының үш себебін атады, - деп хабарлайды tengrinews.kz тілшісі.
"Қазіргі уақытта ІІМ Алматыда болған әуе апатына қатысты тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Апаттың үш себебі қарастырылып жатыр. Біріншісі - экипаж қатесі, екінші - борттың техникалық ақауы, үшінші - навигация қызметінің жұмысы", - деді ІІМ басшысы.
"Қазір оқиға орнында тексеріс жұмыстары жүріп жатыр. Лайнер енді әуежай жаққа жеткізіліп, онда тағы да толық қараймыз", - деді Тұрғынбаев.
Сәби анасының үстінде жатты - Апат орнында баланы құтқарған полицей
Еске салайық, 27 желтоқсанда Алматыдан елордаға ұшып шыққан Bek Air ұшағы биіктік жоғалтып, әуежайдан ұшып шыққан бетте құлаған. Бортта 95 жолаушы және экипаждың бес мүшесі болған. Кейін желіде құлаған ұшақтың суреттері тарала бастады. Артынша Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті ұшағы құлағаннан кейін шұғыл желі ашылғанын хабарлаған. Тоқаев әуе апатынан қаза тапқандардың отбасына көңіл айтқан болатын.
Bek Air бортымен сөйлесудің жазбасы пайда болды.