Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қаза болған қызылордалық ұшқыш бұрын да апатты жағдайда қонған

Қаза болған қызылордалық ұшқыш бұрын да апатты жағдайда қонған

kyzylorda-news.kz Естелігімен бөліскен марқұм Батырхан Шүкеновтың  ағасы Бауыржан Шүкенов.
Ол дәл осы ұшқыш басқарған ұшақпен бірнеше жыл бұрын ұшқаны туралы Facebook парақшасында жазды.
«Қазір ғана әуе кемесінің командирі болған біздің қызылордалық тәжірибесі мол Марат Мұратбаев екенін білдім… Бірнеше жыл бұрын Қызылордадан Алматыға ЯК-40 ұшағымен ұшқаным есімде. Командир Марат болды. Биіктікті алу кезінде ұшақ кенеттен сілкініп, Қызылорда әуежайына қонуға тура келді. Үрейлі ештеңе болған жоқ. Шықсам борттың жанында Марат күліп тұр. Оған күлген жарасатын. Мен: «Не болды, Маке?»– дедім. Ол: «Бір штаттан тыс діріл пайда болды. Тәуекел жасамауды жөн көрдім», – деп жауап берді.
Міне, көп жылдан кейін… Ол аспанға, ұшуға ғашық болған және осы арманын жүзеге асыра алған замадастарымның бірі еді. Мен ол мұндай қателікке жол берді деп ойламаймын… иманды бол, Мәке…»- деп жазды Бауыржан Шүкенов (орфография және пунктуация сақталған).
Жазбаның астында ұшқышты батырға балаған пікірлер толып кетті:
«Ол өз ісінің шебері және жақсы адам, «Эйр Астанада» Боингте » ұшқан. Егер ұшақ дұрыс көтеріле алмаса, бұл ұшқыштың кінәсі емес, бұл ұшақтың мұздануы немесе қозғалтқыштың ақауы болуы мүмкін » (Тоты Әмірова).«Қара жәшік бәрін көрсетеді. Бірақ бүкіл борттың қаза таппауы ұшқыштың арқасы деп ойлаймын»(Мұхтар Тайжан).«Менің ойымша, ол батыр, оның кәсібилігінің арқасында жолаушылардың басым бөлігі тірі қалды» (Роза Жансұлтанова).«Ол ұшақты жанармай багын зақымдамайтындай етіп қондыра алды, сол арқылы өрттің алдын алды. Ұшақ өртенсе ешкім аман қалмайтын еді» (Рахимберген Тоқсейітов).
Естеріңізге сала кетейік, 27 желтоқсанда таңертең Алматы-Нұр – Сұлтан рейсімен келе жатқан Bek Air авиакомпаниясының Fokker-100 ұшағы апатқа ұшырады. Лайнер ұшудан кейін көп ұзамай құлап кетті. Ол бетон қоршауын тесіп өтіп Қызылту кентіндегі екі қабатты құрылыспен соқтығысқан. Бортта бес экипаж мүшесі және 93 жолаушы болған. 12 адам мерт болды, соның ішінде әуе кемесінің командирі Марат Мұратбаев та бар.
30 желтоқсан 2019 ж. 609 0