Аралдың қысы керемет

Мұндай сәттер жиі қайталана бермейді. Тік өскен талдардың еңсесін төмен тартып, темір қоршаулар мен ішекше созылған электр желілерін ерекше үйлесімге келтірген аяздың әрі дәлі қазіргі уақытта Арал қаласын бояуы қанық бейне суреттерге бай әсем өлкеге айналдырды. Бала біткеннің барлығы ерекше шаттанып, ақ ұлпа қардың үстінде алаңсыз асыр салуда. Аққала тұрғызып, қыс мезгілінің әрбір сәтін ерекше өткізіп жатқан балалар қаншама?! Жер ананың ерекше көркін кіргізіп, тылсым табиғаттың тамаша көрінісіне айналған көрікті қыстың осындай сәтін көрген де арманда, көрмеген де арманда. Қыс мезгілінің кереметі осында шығар.
А.Қарасай.