Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Арал колледжі директорының орынбасары парақорлық күдігіне ілікті

Арал колледжі директорының орынбасары парақорлық күдігіне ілікті

kyzylorda-news.kz Қызылорда облысы білім басқармасына қарасты Арал колледжі директорының орынбасары сыбайлас жемқорлық жасады деген күдікке ілінді. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі хабарлады.
«Қызылорда облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасады деп күдікке ілінген Қызылорда облысы білім басқармасының «Арал көпсалалы колледжі» МКҚК директорының орынбасарына қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады», делінген хабарламада.
Баспасөз қызметінің мәліметінше, ол аталған колледжге оқытушы қызметіне жұмысқа тұрғызу үшін азаматты «Қызылорда облысы білім басқармасы» ММ-нің лауазымды тұлғаларына 400 мың теңге көлемінде пара беруге итермелегені үшін күдікке ілінді.
«Кінәні мойындауға және күдікті мен оның қорғаушысының келу міндеттемесін беруге байланысты процессуалдық ұстау қолданылған жоқ.Күдіктінің кінәсінің деңгейі туралы түпкілікті шешімді сот шығарады», делінген хабарламада.

15 қаңтар 2020 ж. 600 0