Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Аймақ басшысы мектеп ғимаратындағы ақауға көңіл аударды

Аймақ басшысы мектеп ғимаратындағы ақауға көңіл аударды

Жақында ауылға облыс әкімі Қ.Ысқақов келген болатын. Елмен болған емен-жарқын кездесуде көптеген мәселелер көтеріліп, оларды аймақ басшысы арнайы назарына алды. Солардың ең маңыздысы құрылысы 3 жылға созылған №248 орта мектеп ғимараты еді. Көңілсіз салынған құрылыс ақыр соңынада жыл өтпей жатып сыр берді. Қазіргі уақытта сақалды құрылыс атанған бұл нысанның спорт залы пайдалануға жарамсыз. Сапасыз жұмыс салдарынан мектеп ғимаратының аталған бөлігінің іргетасы шөгіп, қабырғалары жарылған. Міне осы мәселеге көңіл аударған аймақ басшысы Қ.Ысқақов, аудан басшысы М.Оразбаевқа мәселені тез арада шешуді тапсырды.– Бұл мәселені жылдам қараңыздар. Мектеп іргетасына өткен ыза қыс мезгілінде білінбеуі мүмкін. Алайда күн жылына салысымен астыңғы іргетас қайта шөгіп, ғимарат қабырғасы одан са­йын ашыла түседі. Адам өміріне қауіп төндіретін осындай ақауға кім жауап береді? Тездетіп тиісті шаралар қолданыңыздар. Меніңше, жұмысты атқарған компаниялар осындай жөнсіз іс-әрекетіне жауап беруі тиіс, – деді облыс әкімі.
Мұнан бөлек, кездесу барысында ауылда осы кезге дейін атқарылған жұмыстарға оң бағасын беріп, ауыл мен аудан орталығының арасын жалғап жатқан тас жолдың жайын тездетіп қолға алуды тиісті сала мамандарына тапсырды. Осы ретте тағы бір жағымды жаңалығымызды айта кеткім келеді. Яғни, жаңа жыл қарсаңында ауылды жоғарғы жылдамдықтағы ғаламтор желісіне қосу жұмыстары қолға алынатын болды. Сонымен қатар Ерімбетжаға, Тоқабай және көршілес Қазалы ауданына қарасты Шәкен, Шилі ауылдарын толықтай қамти алатын ұялы байланыс қызметін орнату жұмыстары да аймақ басшысының арнайы тапсырмасымен қолға алынатын болды. Және де ауылдағы «Әли Мақсым» мешітін қайта жаңғырту жұмысы жүгізілуде. Алдағы уақытта пайдалануға берілмек. Ауыз су мәселесіне назар аударды. Ауыл тұрғындарын алаңдатқан осы жайттар еді.
Қуанып қалдық. Енді осы мәселелердің түйіні тарқатылып, біржақты шешімі табылатын шығар деген ойдамыз.
Үргенішбай Қуатов,
Ауылдық оруг жанындағы қоғамдық
келісім кеңесінің төрағасы.
15 қаңтар 2020 ж. 1 391 0