Онлайн-олжа: Төтенше жағдай турлы лезде хабарлайтын "Darmen" қосымшасы

"Darmen" департаменттің хатын push-хабарландыру арқылы көрсетеді. Хабарландыру SMS-тен бұрын келеді. Бұдан бөлек қосымшада ұшақтардың, пойыздардың, автобустардың кестесі, велостанциялар картасы бар. "Darmen" күнде "Қазгидромет" дайындаған ауа-райы болжамын да ұсынып отырады.

"Darmen" қосымшасын өңдеу үшін Жапония мен АҚШ-тың ұялы қосымшалар арқылы халықты хабарлау тәжірибесі қолданылған. Қосымшаны App Store, Play Market онлайн-дүкендерінен жүктеуге болады.