1 ақпан: Ел тарихында орын алған оқиғалар
1992 жылы Еуропалық қауіпсіздік және ынтымақтастық кеңесінің Прагада өткен сессиясында тұңғыш рет Қазақстанның байрағы орнатылды.
2010 жылы Іле Алатауы және Жоңғар Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи саябақтарының аумағында жабайы алманың ең бағалы сілемдеріне ерекше режимдегі орманды генетикалық резерваттар дәрежесі берілді.
2012 жылы Астанада халық жазушысы Сәкен Жүнісов тұрған үйге ескерткіш тақта орнатылды.