ҚАЗАҚ СУСЫНДАРЫНЫҢ ЕМДІК ҚАСИЕТІ
inform.kz Қазақ халқының ұлттық тағамдары пайдалы дәрумендер мен минералдарға бай, сонымен бірге көптеген ауру түрлеріне де ем. Тағамдардың емдік қасиеті жөніндегі ұғым медицинада пайда болмай тұрып-ақ ата-бабаларымыз қымыз, шұбат ішіп көптеген дерттің алдын алған.
Қымыз
Құрамы ақуыз, май, көмірсутек (лактоза), натрий, калий, фосфорға бай. Сонымен қатар, онда адам ағзасына аса қажетті дәрумендер өте көп. Олар: А, В1, В, В12, С дәрумендері. Қымыздың емдік қасиеттерін ежелден білетін ата-бабаларымыз ас қорыту жүйесі ауруларын, қан аздық, мешел, құрт ауруларын, асқазан жарасын, жүрек, қантамыр ауруларын және атеросклерозды емдеуге пайдаланған.
Шұбат
Түйе сүтінен әзірленетін бұл сусын биологиялық құрамы бойынша құнарлы және дәмді азық қана емес, В, В1, В2, С дәрумендерінің де қайнар көзі. Шұбат өзіндегі В1, В2 дәрумендері бойынша сиыр сүтінен асып түседі. Шұбаттың бір литрі адам ағзасында С дәруменіне және рибофлавиніне тәуліктік қажеттілігін қанағаттандыра алады. Шұбат – сиыр сүтіне қарағанда май, ақуыз, минералды заттарға және дәрумендерге өте бай. Емдік қасиеті де күшті. Ол қант диабеті, асқазан жарасы, диарея, бауыр, аллергия тәрізді аурулардан айықтырады.
Ешкі сүті
Құрамында май, көмірсутек, ақуыз үш есе көп. Темір, кальций, А, В дәрумендері бар. Ешкі сүті бездерге, рахит, бронх демікпесі, өт жолдары сырқатына, бас сақинасына, ас қорыту жолдарының бұзылуына қарсы шипалы ем.
Жылқы еті
Мұнда 75,3% су, 21,7% нәруыз, 2,5% май, 0,5% көмірсутегі бар. Жылқы етінің майы жеңіл балқитын болғандықтан ол ағзаға жақсы сіңеді. Етке гликогеннің (жануар крахмалы) бөлінуі оған өзгеше дәм береді.
Түйе еті
Жануарлар майын шектелген ем-дәмге (диетаға), пісірілген тағамдарда қолданбайды. Өйткені жануарлар еті ішкі майлардың қабатын құрайды. Түйе етіндегі май қой, сиыр етіне қарағанда көбірек. Өркешті ерітіп, жоғары сапалы ақ түсті май алуға болады және ол сиыр мен қой малына қарағанда бағалы. Түйе етінде 75-80% су, 18-21% нәруыз және 1-2% май бар. Одан басқа кальций, магний, фосфор, темір, тағы да басқа бірқатар дәрумендер кездеседі.
Дереккөзі: "Қазақ әлемі" топтамасынан