Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақ телевизиясының тұңғыш дикторы Зұлқия Жұматова 100 жасқа толды

Қазақ телевизиясының тұңғыш дикторы Зұлқия Жұматова 100 жасқа толды

lenta.inform.kz Бүгін Қазақ телевизиясының тұңғыш дикторы Зұлқия Жұматова 100 жасқа толды.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаев «Қазақ дикторларының анасы» атанған Зұлқия Мұқанқызын ғасырлық мерейтойымен құттықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазақстан» РТРК» АҚ-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Сізді ғасырлық белесіңіз – 100 жасқа толған торқалы тойыңызбен шын жүректен құттықтаймын! Сіз отандық көгілдір экранда тұңғыш рет қазақ тілінде эфирге шыққан Қазақ телевизиясының қарлығашысыз. Көзі қарақты көрермен 1958 жылғы 8 наурызда алғаш рет Сіздің «Кеш жарық» деген сөзіңіз арқылы ана тіліміздің асқақ үнін естіді. Тарих беттерінде қатталған сол кезеңнен бері ұзақ жылдар Қазақ телевизиясында абыроймен қызмет атқарып, соңғы жаңалықтар мен көркем шығармаларды, ел басшылығының үндеулерін халыққа үздіксіз жеткізіп отырдыңыз. Әр жылдары шығармашылықпен айналысып, балалар әдебиетінің алтын қорын толықтыруға үлес қостыңыз. Мерейтойыңызбен құттықтай отырып, Сізге мықты денсаулық, сарқылмас күш-қуат тілеймін!», - делінген Мемлекеттік хатшының құттықтау хатында.

20 ақпан 2020 ж. 932 0