24 ақпан: Ел тарихында орын алған оқиғалар

1992 жылы «Қазақкино» мемлекеттік концерні құрылды. Ораз Рымжанов концерннің басқарма төрағасы болып сайланды.
2012 жылы Астанада Қазақстанның қысқы арнайы олимпиадасы (Special Olympics) басталды. Оған ҚР, Австрия, Ресей және Өзбекстанның 320 мүмкіндігі шектеулі спортшысы қатысты. Ашылу салтанаты «Алау» мұз айдыны сарайында өтті.