Жұма күні ауа райы қандай болады
Kyzylorda-news.kz. Синоптиктер 28 ақпан күні ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды Қазгидромет.
Ығысып бара жатқан циклон және оның атмосфералық ағындары Қазақстанның көптеген бөлігіндегі ауа райына ықпал етеді. Кей жерлерде жауын-шашын болады (әсіресе қар жауады). Республиканың кей өңірлерінде тұман түсіп, көктайғақ болып, жел күшейеді, республиканың солтүстігінде боран соғуы мүмкін.
Маңғыстау облысында желдің күші 15-20, кей жерде 23 м/с жетіп, шаңды дауыл соғады.
Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қостанай облыстарында боран, тұман, көктайғақ болып, желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетуі ықтимал.
Шығыс Қазақстанда 15-20 м/с жел соғып, боран, көктайғақ болады. Қарағанды облысында түнде және таңертең кей жерлерде тұман түсуі мүмкін.
Жамбыл, Түркістан, Қызылорда облыстарында кей жерлерде тұман болып, желдің күші секундына 15-20 метрге жетеді.
Алматы облысында түнде тұман түсіп, көктайғақ болып, 15-20 м/с жел соғады.
Атырау облысының көп бөлігінде күндіз жел 15-20 м/с дейін күшеюі мүмкін. Батыс Қазақстанда секундына 15-20 метрге дейін жел соғуы мүмкін, тұман түседі.
Ақтөбе облысында кей жерлерде желдің күші 18 м/с болады.