Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Психологиялық тест: Баланың шын анасы кім?

Психологиялық тест: Баланың шын анасы кім?

oinet.kz Таңдауыңыз сол жақта әйелге (қызыл көйлек) түссе?
Егер сіз баланың анасы сол жақтағы әйел деп ойласаңыз, онда сіз көпшіліктің қатарындасыз. Яғни ойлау қабілетіңіз көпшіліңтікімен бір жерден шығады. Сіз мәселеде көп ойланбай, шешім қабылдайтын жансыз. Өкінішке орай сіз таңдаған жауап дұрыс емес.
Сіздің ерекшеліктеріңіз:
Егер сіз дұрыс жауап ретінде осы әйелді таңдасаңыз, онда өмірде сіз бәріне жіті мән бере бермейсіз. Десе де кез келген тұста өз көзқарасыңыз бар. Және сіз оны ең дұрысы деп ойлайсыз.
Жеке тұлғаның тағы бір ерекшелігі - көптеген адамдармен еркін қарым-қатынас жасай білуде. Сіз өз көзқарасыңызды айтуға ұялмайсыз, тіпті бәрі қарсы шықса да. Сіз кез келген компанияның ортасы болып табыласыз, бірақ сіз жалғыз бола алатын сәттерді де ұнатасыз және бағалайсыз.
Оның үстіне сіз керемет доссыз. Қиын жағдайда жатқан кез келген адамға қол ұшын созуға дайынсыз.
Таңдауыңыз оң жақта әйелге түссе?
Бұл дұрыс жауап. Себебі көптеген зерттеулер бала ойын ойнап жатқан сәтінде анасына қарап ойнайтынын дәлелдеген. Бала анасына қарау арқылы одан жылы сөздер мен мақтаулар күтеді екен. Сіз үнемі логикаға ерік беретін байыпты, байсалды адамдар қатарынансыз. Сондықтан да болар маңайыңыздағылар сізден көмек сұрағанды жөн санайды.
Сіздің ерекшеліктеріңіз:
Сіз таңдау кезінде логика мен ұтымды ойлауға көбірек сенетін адамдардың қатарынансыз. Көптеген шешімдерді жүрекпен емес, баспен ойланып қабылдайсыз. Алайда кейде оның да кері тұстары болып жатады.
Сіз бірінші кездесу кезінде өзіңіз туралы барлық мәліметтерді айтатын адам емессіз. Сіз ақпаратты көбірек сақтауға және адамдармен аз бөлісуге тырысасыз.
Сіз тест жауаптарымен келісесіз бе?
28 ақпан 2020 ж. 1 245 0