Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » 3 наурыз: Атаулы күндер оқиғалар

3 наурыз: Атаулы күндер оқиғалар

Дүниежүзілік жазушылар күні
Халықаралық Пен-клубтың 48-ші конгресінің шешімі негізінде атап өтіледі. Клуб 1921 жылы құрылған. Ұйымның атауы ағылшынның poets – ақындар, essayists – очеркшілер, novelists – романшылар сөздерінің бастапқы әріптерінен құрылған. Сонымен қатар, pen сөзі ағылшын тілінен аударғанда «қалам» деген мағынаны білдіреді. Идеяның авторы – ағылшын жазушысы Кэтрин Эми Доусон-Скотт. Бүгінгі таңда олар әлемнің 130 елінде, оның ішінде Қазақстанда да бар.
 Халықаралық балалар телевидениесі мен радиохабар тарату күні
1991 жылы ЮНИСЕФ енгізген. Алғашқыда желтоқсанда атап өтіліп, 2009 жылдан бері наурыздың бірінші жексенбісінде тойланады. Мерекенің басты мақсаты – бүкіл әлем бойынша бұқаралық ақпарат құралдарын балалар тақырыбына көңіл бөлуге ынталандыру.
1990 жылы «Молодая гвардия» журналында Сәкен Жүнісовтің (1934-2006) «Тропа» атты повесі басылып шығарылды. Бұл жазушы В.Солоухин тәржімалауымен жазылған «Заманай мен Аманай» дастанының аудармасы.
1993 жылы Орталық Азияның бес мемлекеті (Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Түрікменстан) Халықаралық Арал теңізін құтқару қорын құрды.
03 наурыз 2020 ж. 547 0