5 наурыз – бейсенбіге арналған ауа райы болжамы
BAQ.KZ. Синоптиктердің болжауынша, бүгін елімізде қар немесе жаңбыр жауып, көктайғақ болады, тұман түсуі ықтимал, жел күшейеді, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК. 5 наурызда Қазақстанның басым бөлігіндегі ауа райы барикалық құрылымдардың тез алмасуы мен ағынды бөліктерге байланысты. Осыған орай кей жерлерде жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады, жел күшейеді, солтүстікте бұрқасын соғуы ықтимал. Тек батыста, оңтүстік-батыста және шығыста күн райы ашық болады.
Жамбыл, Түркістан облыстарының кей жерінде жел 15-20, күндіз екпіні 23-28 м/с күшейеді, Жамбыл облысының кей жерінде тұман күтіледі.
Қостанай облысының кей жерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын соғады, күндіз кей жерлерде жел 15-20 м/с күшейеді.
Түнде және таңертең Алматы облысының кей жерінде тұман күтіледі, күндіз Жалаңашкөл ауданында жел 18-23 м/с күшейеді.
Ақмола облысының кей жерінде тұман түседі, таңертең және күндіз кей жерлерде көктайғақ, бұрқасын, жел 15-20 м/с күшейеді.
Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерінде жаяу бұрқасын күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді, күндіз Солтүстік Қазақстан облысында көктайғақ болуы мүмкін.
Қарағанды облысының кей жерінде тұман күтіледі, күндіз кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, көктайғақ күтіледі.
Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, Қызылорда, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерінде тұман күтіледі, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде көктайғақ болуы мүмкін.
https://baq.kz/