Толқын Арал аудандық қоғамдық-саяси газет
» » 6 наурыз: Атаулы күндер мен оқиғалар

6 наурыз: Атаулы күндер мен оқиғалар

Кyzylorda-news.kz Бүкіләлемдік тіс дәрігері күні
1790 жылы Джордж Вашингтонның жеке тіс дәрігері Джон Гинвуд стоматологиялық бор жасап шығарды және ол осы күннің күнтізбеге енуіне көп еңбек сіңірді.
1917 жылы 1916 жылғы көтеріліске қатысушыларға рақымшылық жарияланып, Уақытша үкімет бұрынғы әкімшілік құрылымдармен қатар облыстық және уездік комиссариаттар құра бастады. Торғай облысына Әлихан Бөкейхан, Жетісуға Мұхамеджан Тынышбаев, Оралға Халел Досмұхамедұлы, ал Қостанай уезіне Ахмед Бірімжанұлы комиссар болып сайланды.
1987 жылы Қазақ КСР Министрлер Кеңесі мен Қазақстан Компартиясы ОК-нің «Республикада қазақ тілін оқытуды жақсарту туралы» және «Республикада орыс тілін оқытуды жақсарту туралы» қаулылары жарық көрді.
2009 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев дағдарысқа қарсы шараларды қабылдауға бағытталған «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына Жолдауын арнады. Оның негізгі мақсаты – адам капиталын дамыту мүмкіндіктерін сақтау, ірі жобаларды іске асырудың есебінен тұрғындарды жұмыспен қамту, экспортқа арналған өндірісті әртараптандыруды қамтамасыз ету.
2015 жылы Қазақстан мен Монако қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы шартқа қол қойды.
06 наурыз 2020 ж. 100 0