Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Гүл сыйлау да пара бергенмен тең

Гүл сыйлау да пара бергенмен тең

BAQ.KZ. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік мереке қарсаңында тек гүл емес, өзге де материалдық құндылықтардың пара болып есептелетінін еске салды. 

Бұл қағида мемлекеттік қызметкерлерге қатысты. Заңды білмеу, жауапкершіліктен босатпайды. Сондықтан, әп сәтте айыппұл арқалап кетуіңіз ғажап емес.
Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.
Алдағы мереке күндері басшыңызды құшақ-құшақ гүлмен қуантып, алғысын арқалаймын деп ойлап отырған болсаңыз, бұл идеяны дереу ұмытыңыз! Білместіктен, басыңыз бәлеге қалары анық. Мемлекеттік қызметкерлерге сыйлық бергендер әуелден әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Ал егер сыйыңыздың құны 5 мың теңгеден асып кетсе қылмыскер болып есептелетіні екінің біріне ғана аян. 
Сыйлық берудің қажеті жоқ. Ол заңмен реттелген. Біздер тіптен ұжымдарды аралап жүргенде сұрап жатады. Сонда біз не басшымызға гүл бере алмаймыз ба деп. Керек емес. Егер де қатты сыйлық жасағыңыз келсе, қарапайым қызметкерлер бар ғой, сіздің отырған орныңызды жинайтын. Сіздің қоқысыңызды далаға тастайтын. Сол кісілерге беріңіз. Сіз неге басшыға бересіз?, - дейді ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қалалық департамент басшысы, Жазира Жылқышиева.
Осындай сауалмен сыбайлас жемқорлыққа қарсы жедел желіге жуырда қоңырау келіп түскен. Елордадағы №68-ші мектепте ата-аналар комитеті заңсыз түрде ақша жинауды бастаған. Мерекеге орай, ұстаздарды сый-сыяпатқа қарық қылмақ ойлары болыпты. Ақпарат расталып, дер кезінде заңсыздықтың жолы кесілді. Айтпақшы, өткен жылы елордада пара алу фактісі туралы ақпарат бергендерге қомақты сыйақы бөлінген. Ал биыл 14 ақпаннан бастап, ынталандырудың мөлшері едәуір артқан.
https://baq.kz/
06 наурыз 2020 ж. 763 0