Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Жұлдыздар не дейді?

Жұлдыздар не дейді?

Kyzylorda-news.kz ақпараттық агенттігінің 10 наурызға арналған жұлдыз-жорамалы.
Тоқты
Бүгін тәуекелге бел байласаңыз көп нәрсе оңынан шешіледі: маңызды, қызықты өзгерістер орын алады. Өзіңізді өзгертуден қорықпаңыз, себебі, өзіңізді, ойыңызды өзгеретін күн әлдеқашан келген.
Торпақ
Сізге соңғы кездері маза бермей жүрген мәселелерді шешуге сұранып тұрған күн. Бүгін маңызды сұрақтардың жауабын аласыз. Сол жауап сізді әрі қарай қандай қадам жасау керектігін көрсетіп береді.
Егіздер
Қарсыластарыңыз бүгін сізден оңбай жеңіледі. Бірақ, бұл оңайға соқпайды. Қандай жағдай болмасын сізге артқа шегінуге болмайды. Осыны естен шығармаңыз.
Шаян
Маңызды шаруаларды қолға алуға сәтті күн. Ол үшін жұмыстарды ертерек қолға алуыңыз қажет. Бұл істе сізге жаңа таныстарыңыз көмекке келеді.
Арыстан
Бұл күні сізге асығыстық танытуға болмайды. Ойланбай айтылған сөз бен асығыс қадамның соңы жақсылық әкелмейді. Бүгін сезіміңізді тежей біліңіз.
Бикеш
Бүгін өзгелердің жіберген қателігін түзеймін деп әлек боласыз. Тек оларға мұны сабырмен, ақылмен жеткізе біліңіз. Қолға алынған жұмыстарыңызға жауапкершілікпен қараңыз.
Таразы
Бүгін өзіңізге демалыс жариялаңыз. Маңызды мәселелерді қолға алмағаныңыз дұрыс. Бүгінгі кез келген жұмыстарыңыз тәжірибеңіз бен біліміңіздің арқасында оңай шешіледі.
Сарышаян
Қызықты әңгімелесулер мен кездесулерге толы күн. Тек асығыстыққа салынбаңыз. Әйтпесе, кездесу барысында сөзге келіп қалуыңыз мүмкін.
Мерген
Егер бүгін салмақты шешімдер қабыдасаңыз, көптеген жетістіктерге қол жеткізесіз. Жақында ғана орын алған жағдайларды тағы бір ой елегінен өткізіңіз. Сізді толғандырып жүрген барлық мәселенің шешімі сонда жатыр.
Тауешкі
Сізге бүгін көп нәрсені жасап үлгеруіңіз керек болғандықтан, босаңсуға болмайды. Өзіңізге қажетті нәтижелерге қол жеткізу үшін «жеті рет өлшеп, бір рет кескеніңіз» дұрыс.
Суқұйғыш
Көптен бері ойыңызда жүрген біраз жоспарларды жүзеге асыруға қолайлы күн. Ескі мәселелерді оңынан шешуге мүмкіндік туады. Бүгін өзіңіздің ішкі түйсігіңізбен жұмыс жасаңыз: ол сізді адастырмайды.
Балықтар
Сіз үшін қуанышты күн: ойламаған жерден тосынсыйлар болып, маңызды хабарлар аласыз. Бүгін маңызды жұмыстарды қолға алмаңыз, себебі, бәрібір шешімін таппайды.
10 наурыз 2020 ж. 464 0