
2020 жылдың 11 наурызында «Адал жол» жобасы аясында облыстық арнайы мониторингтік топ мүшелері облыс бойынша көліктік бақылау инспекциясының қызметкерлерімен бірлесіп,жолаушылар тасымалдауда халыққа сапалы қызмет көрсету сапасының деңгейіне мониторинг жүргізді.Жүргізілген Іс - шаралар барысында, №41 «Алматы-Атырау» және №8 «Саратов-Алматы» поездарында жолаушыларға берілетін төсек-жабдықтарының мерзімдері көрсетілген белгілердің жоқ екендігі, вагондарда жолаушыларды ауыз су диспенсерімен қамтамасыз ету талаптарының орындалмағаны,өрт сөндіру құралының мерзімі өткені, гигиеналық тазалық құралдарының жоқ екені анықталған, сондай-ақвагондағы жолаушыларда өз қызмет көрсету сапасына наразылықтарын білдірген.
Анықталған кемшіліктер бойынша «Жолаушыларды темір жол көлігімен тасымалдау» №545 қағидасының талаптарын бұзғаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 571 бабының 4 бөлімімен әкімішілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар рәсімделді.
Сонымен қатар, осы бағыттағы шаралар адан әрі жалғасатын бодады.
Қазақстан Республикасының Cыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті