Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Әкімшілік іс «Түнгі сот» пилоттық жобасы аясында қаралды

Әкімшілік іс «Түнгі сот» пилоттық жобасы аясында қаралды

Арал аудандық сотында 21 қараша 2019 жылы кешкі уақытта «Түнгі сот» пилоттық жобасы аясында, ҚР ӘҚБтК-нің 610-бабының 1-бөлігінде көзделген құқық бұзушылықты жасаған азамат С-ның әкімшілік ісі қаралды.
Іс құжаттарына сәйкес, құқық бұзушы «Toyota Alphard» маркалы автокөлігін басқарып келе жатып, Жол жүрісі Қағидасының талаптарын бұзып, басқа автокөлікке соқтығысқан. Нәтижесінде көлік құралдары бүлініп, мүліктік залал келген.
Сот отырысында құқық бұзушы жол-көлік оқиғасын жасау бойынша кінәсін толық мойындап, құқық бұзушылықты абайсызда жасағанын көрсеткен.
Сот қаулысымен құқық бұзушы Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 610-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған әкімшілік айыппұл жазасы тағайындалды.
Істі пилоттық жоба бойынша қарау нәтижесінде, қатысушылардан соттың сапалы және жедел жұмысына қатысты жағымды пікірлер айтылды.
Арал аудандық сотының
баспасөз қызметі
26 қараша 2019 ж. 727 0